Қазақстандық саяхатшы әлемнің бірнеше еліне барып, ЭКСПО-2017 көрмесі туралы айтып бермек

Астанада белгілі қазақстандық саяхатшы Сапар Ысқақовпен брифинг өтті. Ол тоғыз елге сапарға аттанбақшы, оның барысында саяхатшы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қолдау көрсетуге арналған науқанды өткізеді. Бұл туралы Астанада өткен брифингте мәлім болды.

Экспедиция 25 желтоқсанда басталады. Құрамында журналист пен телеоператорлар бар 4 адамнан құралған шығармашылық топ Сауд Арабиясы – Оман – Комор аралдары – Сейшелл аралдары – Мадагаскар – Маврикий – Мальдивалар – Шри-Ланка – Үндістан бағытын жүріп өтпек.

Бұл сапарлар Қазақстанның халықаралық сахнадағы танымалдығын арттыру, инвесторлар мен туристерді тарту, сондай-ақ, халықтың кең тобын Қазақстанда ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің өткізілетіні туралы ақпараттандыру үшін ұйымдастырылып отыр.

Осы жылдың қаңтар-мамыр айында бағыты 26 елден өткен «Queen Elisabeth» круиздік лайнеріндегі жер шарын айналатын 120 күндік саяхаты барысында Сапар Ысқақов ЭКСПО-2017 көрмесіне қолдау көрсетуге арналған науқанды өткізген болатын.

Осыған дейін халықаралық экспедиция құрамында Сапар Ысқақов Қазақстан Республикасы, Астана қаласы және «Нұр Отан» партиясының жалауларын Оңтүстік полюсте (2007 жылы), Солтүстік полюсте (2008 жылы)  алғаш рет тігіп, 22000 метр биіктікте стратосферада (Төменгі Новгород, Ресей)  жауынгерлік МИГ-29 жойғыш ұшағының кабинасына Қазақстан жалауын алды. Жалпы есеппен қазақстандық саяхатшы әлемнің 100-ден аса елінде болып қайтқан.

https://strategy2050.kz/news/16578

Материалмен бөлісіңіз:

Leave a Comment