Тағылымы мол жүздесу

Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің жеке құрамымен «Бабалар ізімен» экспедициясының жетекшісі, С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы Халықаралық қоғамдық-қайырымдылық қордың Астана қаласы филиалының Президенті, Халықаралық туризм және спорт Академиясының академигі Сапар Ысқақовпен кездесу өтті.

 

Кештің қонағы Сапар Ысқақов құрылыс инженері, белгілі кәсіпкер, меценат және саяхатшы. Ол Оңтүстік Полюс (Антарктида) пен Солтүстік Полюсті (Арктика) бағындырып, әлемнің 6 құрлығының 125-тен астам елінде болған. 2014 жылы «Astana EXPO-2017» жалауымен 119 күнде жер жүзін лайнермен айналып шықты. 2016 жылы «МИГ-29» әскери ұшағымен 22 000 метрге стратосфераға ұшқан.  Бүгінгі қонағымыз жетекшілік ететін «Бабалар ізімен» атты ғылыми экспедиция 2017 жылдың 4 мамырында сапарға аттанып ежелгі ғұндар, түріктер, қыпшақтардың ізі қалған әлемнің 15 елін аралап, ДНҚ зерттеулер жүргізген. Кездесу барысында Сапар Ысқақұлы осыншама жетістіктерге қалай жеткендігі туралы айтып, жеке құрамның көптеген сұрақтарына жауап берді, сонымен бірге ең жақсы, қызықты сұрақ қойған ұланға Сапар аға өзінің кітабын сыйға тартты.

https://sarbaz.kz/volno/taghylymy-mol-guezdesu-18632123/

Материалмен бөлісіңіз:
Айдары

Leave a Comment