1 шілде – Ұлттық домбыра күні

Бүгін елімізде бұрын-соңды болмаған Ұлттық домбыра күні басталды.

Ұлттық домбыра күнімен барша қазақстандықтарды құттықтаймын!

Қазақтың ұлттық болмысын танытып, мәдени жаңғыруымызды домбыра сан ғасыр бойы реттеп келеді. Талай дауды да, ұрыс алаңында, той-думанда домбыраның қос ішегінде күй шертіп, ән әуелеттік.

Қазақ музыкасын зерттеуші ғалым Ахмет Жұбановтың мына бір сөзі еске түсіп отыр. «Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы қасиетті аспабы – домбыра. Оның сымдай тартылған қос ішегінде сан ғасырлардың ақыл-ойы, көңіл-күйі жатыр. Домбыра – елдің көнекөз шежіресі».

Осы бір пікірден қазақ тарихы мен домбыра тарихы егіз ұғым екенін айғақтаймыз. Домбыра әрбір қазақтың төрінде ілініп, қос ішегі шертіліп тұрса бұл бір ғанибет болар еді.

1 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай шежірелі тарихы бар, мың жарым жыл бұрыңғы көне домбыра тарихы туралы баян етеміз. Әзірге суретін парақшамызға жариялай тұрамыз. Видеосын да парақшамызға да бірер сағаттан кейін жүктейміз.

Мереке құтты болсын, ағайын!

Материалмен бөлісіңіз:

Leave a Comment