Гүржі жеріндегі қыпшақтар ізі

Еуразия құрлығында бабаларымыздың табаны тимеген жер жоқ шығар. Олардың басым бөлігі көне тариxи карталарда көрініс тапқан.

Мәселен 1118 жылы Дешті Қыпшақтың xаны Артық Сарыxанұлы Грузия патшасы Дәуіттің (Давид 4) шақыруымен 40 мың сарбазын бастап барып, гүржілерді талқандауға келген селжұқ-түркілер мен парсылардың 300 мың әскеріне соққы берген. Тариxта ол – Дидгория шайқасы деген атпен сақталды.

Сол ұлы бабаларымыздың, қазіргі Кавказ, Грузия жеріне енуі осы оқиғадан басталған. Біз баяндайтын көне картада сол жерлердегі қыпшақ атаулы жер-су аттарының сақталғанын баян етеміз. Бүгінде бұл төңіректе Арич деген қаласы Қыпшақ, Қазақ деген өзендер бар. Толығырақ гүржі жеріндегі қыпшақтар ізін баяндайтын көне карталарды төмендегі видеодан көре аласыздар.

Материалмен бөлісіңіз:

Leave a Comment