Майялар қалдырған мәңгілік ескерткіш

Майялар қалдырған мәңгілік ескерткіш Копан қаласы. Бедерінде мыңдаған ғасырдың сыры бар тарихи кешен Гондурас Республикасының мәдени байлығы. Еуропалықтардың Америка құрлығына келгеніне дейін бұл төңіректе үндіс тайпаларының алып мәдениеті қалыптасты. Олар осы күнге дейін өз бойына бірегей құпия мен жұмбақ жасырған мәдениет жасады. Майялар өркениетін қалыптастырды. Соның арқасында Паленке,Копан,Тикаль Чичен-Ица сияқты белгілі қалалары өз-өздерін қамтамасыз ете алған қала-мемлекеттер ретінде белгілі болып, бүгінде үндістер өркениетінің алтын қазынасына айналды.

Батыс Гондураста орналасқан Копан қаласы да археологиялық қалашық кешені. Бір ерекшелігі бұл қаланы майялық үндістер тастап кетсе де, тотықұстар тастамаған. Туристер бұл тарихи кешенді көру үшін ғана емес, тотықұстардың даусын естуі үшінде ағылып келіп жатады.

Копан археологиялық кешенінің аумағы 24 мың шаршы шақырымды құрайды. Кешенде 100-ге жуық ғимараттар мен 450-ге тарта обалар бар. Гватемала мемлекетімен шектесіп жатқан төңіректе орналасқан жұмбаққа толы сырлы мекен ЮНЕСКОНЫҢ бүкіләлемдік тарихи мұралар тізіміне енген. Жұмбағы мол қаланың сырына үңілгіңіз келсе Тур де Хабардың кезекті санын мүлт жібермеңіз.

#СапарЫсқақов #ТурдеХабар #Копан

Материалмен бөлісіңіз:

Leave a Comment