Бұл нағыз дала демократиясы

Біздің ата-бабаларымыздың тұсында қазақтың дәстүрі, қазақтың салты өте жоғары деңгейде болды. Осыдан 100-200 жыл бұрын нағыз дала демократиясы болды. Біз мұны мақтанышпен айтуымыз керек. Керісінше қазір біз байлығына тамсанып отырған арабтарда әйелдерді ерлермен қатар қойған жоқ. Біз салтын берік ұстанған деп аузымыздың суы құрып отырған жапондар да ер адаммен әйелді тең қойған жоқ. Ал біз әйелдер мен ерлерді тең көрдік. Тіпті қыз жат жұрттық, қыз қонақ деп төрге шығардық

Материалмен бөлісіңіз:

Leave a Comment