Интеллегент зиялы болады ма?

Орыстарда “интеллегент” деген сөз бар. Оны зиялы деп алып жүрміз. Бұл ұғым ақсүйекке де келетін болар. Үш-төрт атасынан зиялы болмаған жанды бұл қатардан көру қиын деп ойлаймын. Сонда ғана зиялылық адамның қанына сіңеді. Білімсіз, өнердің, мәдениеттің ауылынан алыс адамды қалай зиялыға қосасың? Қазір опера, драма театрына барсаң залдың жартысы бос тұрады. Бұл көрермендердің, біздің замандастарымыздың, жастардың руxани деңгейін көрсетеді. Еуропада опера билетін бір маусым бұрын талап алып кетеді. Бір Францияның өзінде жүзден астам опера театры бар. Ал Қазақстанда ол Алматы, Астана және Шымкент қалаларында бар болғаны үшеу ғана. Олардың өзінің залын толтыру кәдімгідей проблема.

 

Материалмен бөлісіңіз:

Leave a Comment