Пуэбла үндістерінің мәдени орталықтарындағы бір күн (АҚШ)

“Бабалар ізімен” экспедициясының АҚШ-тағы күндерінен фоторепортаждар. Американың оңтүстік-батысындағы Жаңа-Мексико штатының ең үлкен қалаларының бірі Альбукеркада үндістер ортасында. Қаланың аты испандық колонниалист Ранчос де Альбукердің құрметіне қойылған. Бұл жерді де бағзы заманнан үндістер мекендеген. Кейіннен испандықтар келіп, өздерінің мәдениетін қалыптастырады. Бүгінде қала да Пуэбла үндістерінің мәдени орталықтары бар. Экспедиция мүшелері осы орталықтың тарихымен танысып, үндістердің мәдени тұрмысын көрді.

Материалмен бөлісіңіз:

Leave a Comment