ҚОБЫЗДАР САЙЫСЫНДАҒЫ МОРИН ХУУР

ҚОБЫЗДАР САЙЫСЫНДАҒЫ МОРИН ХУУР

Осымен екінші рет Тілеп Аспантайұлы атындағы қайырымдылық қоры Тілеп Аспантайұлы атындағы Халықаралық байқауына бүкіл әлемнен қыл-ішекті аспаптарда ойнайтын орындаушылар мен музыканттарды жинайды. Байқау XVIII ғасырда қазақ музыка өнеріне елеулі үлес қосқан атақты қобызшы әрі композитор Тілеп Аспантайұлының туғанына 260 жыл толуына орай ұйымдастырылады. Тілеп Аспантайұлының өмірі аңызға толы. Сондай аңыздардың бірі бойынша Қорқыт атаның қасиетті қобызы шәкірті Қойлыбай бақсыға, Қойлыбайдан Тілепке жетіпті. Тілеп Аспантайұлы Торғай жерінде өмірге келген, қобызда ойнауды ерте үйренген екен. 13 жасында-ақ…

Толығырақ

Тілеп Аспантайұлы атындағы ІІ Халықаралық байқау басталды

Тілеп Аспантайұлы атындағы ІІ Халықаралық байқау басталды

Астанада Тілеп Аспантайұлы атындағы ІІ Халықаралық ішек аспапта орындаушылар арасында байқау басталды. Атақты қобызшы әрі композитор Тілеп Аспантайұлының туылғанына 260 жыл толуына және Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астананың 20 жылдығы  орай ұйымдастырылып отырған халықаралық байқауға әлемнің 15-тен астам елінен 30-ға жуық конкурсанттар келіп отыр.  Олар бірінші кезеңде Тілеп Аспантайұлының бүгінгі күнге дейін жеткен «Бақсы», «Аллам жар», «Толғау» атты үш шығармасының бірін орындауы тиіс. Ал екінші айналымда өз халқының дәстүрлі туындысын таныстырады. Байқаудың алғашқы күні…

Толығырақ

Астанада Тілеп Аспантайұлы атындағы II Халықаралық байқау өтеді

Астанада Тілеп Аспантайұлы атындағы II Халықаралық байқау өтеді

Астана қаласында 2018 жылдың 12-14 қыркүйек аралығында Тілеп Аспантайұлы атындағы қыл-ішекті аспаптарда ойнайтын музыканттар арасында II Халықаралық байқау өтеді. Байқау XVIII ғасырда қазақ музыка өнеріне елеулі үлес қосқан атақты қобызшы әрі композитор Тілеп Аспантайұлының туылғанына 260 жыл толуына және Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астананың 20 жылдығы  орай ұйымдастырылады. Байқаудың мақсаты – әлемнің түпкір түкпірінен келетін дарынды адамдарды біріктіру және ұлттық мәдениетті сақтап, әлемге паш ету. Байқау ұйымдастырушылары өз аларына қыл-ішекті аспаптарда ойнау шеберлігін дамыту,…

Толығырақ

Бүгін жиһанкез-саяхатшы Сапар Ысқақовтың туған күні

Бүгін жиһанкез-саяхатшы Сапар Ысқақовтың туған күні

Бүгін көрнекті қоғам қайраткері, меценат, жиһанкез-саяхатшы, «Құрмет» орденінің иегері Сапар Ысқақұлы Ысқақовтың туған күні. Сапар Ысқақұлы жетпістің жетеуіне толып отыр.  Сапар Ысқақов – 1941 жылы Қостанай облысы (бұрыңғы Торғай облысы) Амангелді ауылында дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтын бітірген. Инженер-құрылысшы болып басталған оның еңбек жолы еліміздегі түрлі деңгейдегі құрылыс саласында жалғасып, басшылық қызметтер атқарған. 1991 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысып, бизнеске араласқан. 1998 жылы елордаға қоныс аударып, Астана құрылысына өз қолтаңбасын қалдыруды мұрат етті. «Тілеп» қайырымдылық…

Толығырақ

1 шілде – Ұлттық домбыра күні

1 шілде – Ұлттық домбыра күні

Бүгін елімізде бұрын-соңды болмаған Ұлттық домбыра күні басталды. Ұлттық домбыра күнімен барша қазақстандықтарды құттықтаймын! Қазақтың ұлттық болмысын танытып, мәдени жаңғыруымызды домбыра сан ғасыр бойы реттеп келеді. Талай дауды да, ұрыс алаңында, той-думанда домбыраның қос ішегінде күй шертіп, ән әуелеттік. Қазақ музыкасын зерттеуші ғалым Ахмет Жұбановтың мына бір сөзі еске түсіп отыр. «Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы қасиетті аспабы – домбыра. Оның сымдай тартылған қос ішегінде сан ғасырлардың ақыл-ойы, көңіл-күйі жатыр. Домбыра –…

Толығырақ

Гүржі жеріндегі қыпшақтар ізі

Гүржі жеріндегі қыпшақтар ізі

Еуразия құрлығында бабаларымыздың табаны тимеген жер жоқ шығар. Олардың басым бөлігі көне тариxи карталарда көрініс тапқан. Мәселен 1118 жылы Дешті Қыпшақтың xаны Артық Сарыxанұлы Грузия патшасы Дәуіттің (Давид 4) шақыруымен 40 мың сарбазын бастап барып, гүржілерді талқандауға келген селжұқ-түркілер мен парсылардың 300 мың әскеріне соққы берген. Тариxта ол – Дидгория шайқасы деген атпен сақталды. Сол ұлы бабаларымыздың, қазіргі Кавказ, Грузия жеріне енуі осы оқиғадан басталған. Біз баяндайтын көне картада сол жерлердегі қыпшақ атаулы жер-су аттарының…

Толығырақ

Майялар қалдырған мәңгілік ескерткіш

Майялар қалдырған мәңгілік ескерткіш

Майялар қалдырған мәңгілік ескерткіш Копан қаласы. Бедерінде мыңдаған ғасырдың сыры бар тарихи кешен Гондурас Республикасының мәдени байлығы. Еуропалықтардың Америка құрлығына келгеніне дейін бұл төңіректе үндіс тайпаларының алып мәдениеті қалыптасты. Олар осы күнге дейін өз бойына бірегей құпия мен жұмбақ жасырған мәдениет жасады. Майялар өркениетін қалыптастырды. Соның арқасында Паленке,Копан,Тикаль Чичен-Ица сияқты белгілі қалалары өз-өздерін қамтамасыз ете алған қала-мемлекеттер ретінде белгілі болып, бүгінде үндістер өркениетінің алтын қазынасына айналды. Батыс Гондураста орналасқан Копан қаласы да археологиялық қалашық кешені….

Толығырақ

Мажарлық саяхатшылар Қазақстанды салт атпен аралап жүр

Мажарлық саяхатшылар Қазақстанды салт атпен аралап жүр

Венгриялық саяхатшы Иштван Бенценің «Жібек жолы» деп аталатын тарихи экспедициясымен Венгриядан шығып, Моңғолияға сапарлап келе жатқанына бірнеше жыл болды. Астана қаласына келген сапарында «Тілеп» қобыз сарайында болып, «Бабалар ізімен» атты тарихи экспедициясының жұмысымен танысып, өз мақсаттары жайында, экспедиция барысындағы қиындықтар жайында сұхбаттастық. Иштван Бенценің экспедициясы Астанадан Монғолиядағы Қарақорымға (бұрынғы Шынғыс хан елінің астанасына) дейін жалғаспақ. Жібек жолы арқылы өту үшін экспедицияға бес жыл уақыт керек. Алғашқы екі кезең өтті, олар Венгриядан-Әзірбайжанға, Бакудан-Астанаға дейін. Маусым айында…

Толығырақ

Кетбұғы күйші мен Жошы хан

Кетбұғы күйші мен Жошы хан

«Тарих тағылымы Сапар Ысқақовпен» жобасының кезекті санында – Кетбұға туралы әңгіме тарқатпақпыз. Қазақ тарихында Кетбұғаның есімі ержүрек батыр, дәулескер күйші, қабырғали би, әділетті хан кеңесшісі ретінде белгілі. Найман тайпасынан шыққан Кетбұғаның «Ақсақ құлан» күйі тарихтан жеткен ұлы мұра. Көптеген тарихи деректерде Кетбұғаның өмір сүрген кезеңі туралы әртүрлі нұсқалар айтылады. Дегенмен оның Шыңғысхан заманында өмір сүргендігі анық. Моңғолдардың әскери жорықтарынан соң, дешті қыпшақ даласына Жошыхан иелік еткен. Осы тұста басқыншылық жорықтарға белсене қатысып, ірі әскери басшылық қызмет…

Толығырақ
1 2 3